Ибрахим Шәмшәтұлы (4 тамыз 1921 жылы туған, Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Төрткүл ауылы) – тарих ғылымдарының докторы (1979), профессор (1982). КСРО Оқу-ағарту ісінің үздігі (1978). Қазақстан Республикасы Жоғары мектеп ғылым академиясының құрметті академигі (1996).

Қысқаша өмірбаяны: 1949 жылы Шымкент оқытушылар институтын (қазіргі Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті) бітірген; 1952 жылы Қызылорда педогогикалық институтын (қазіргі Қызылорда мемлекеттік университеті) бітірген; 1941–1943 жылдары Қызылорда облысы Қармақшы ауылындағы мектепте мұғалім; 1946–1948 жылдары директор; 1949–1953 жылдары аудандық партия комитетінде меңгеруші; 1965–2001 жылдары Қазақстан КП Орталық комитеті жанындағы Партия тарихы институтында (қазіргі ҚазҰПУ) доцент, кафедра меңгерушісі, профессор қызметтерін атқарған. 200-ден астам ғылыми жарияланым мен 11 монографияның авторы. «Отан соғысы» орденімен марапатталған.“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

Дереккөздер

Санат:4 тамызда туғандар Санат:1921 жылы туғандар Санат:Қармақшы ауданында туғандар Санат:Қазақстан тарихшылары Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Тарих ғылымдарының докторлары Санат:Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессорлары Санат:Қазақстан білім беру ісінің үздіктері Санат:Отан соғысы орденінің иегерлері