Шалқия — Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы кент, Шалқия кенттік әкімдігі орталығы.
Халқы Тұрғыны 1926 адам (2009 жылдың мәліметі). Код КАТО — 434065100.
Географиялық орны Аудан орталығы Жаңақорған кентінен солтүстік-шығысқа қарай 12 км жерде, Өгізмүйіз тауының оңтүстік етегіндегі сайлы-жыралы келген тауалды жазығында орналасқан. Ауылда полиметалл кендерін өндіретін Шалқия кен басқармасы орналасқан. Елді мекенге таяу жерде Шалқия полиметалл кен орны бар. Қазақ энциклопедиясы, 9 том 18 бөлім
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Викимапияда
Санат:Жаңақорған ауданы елді мекендері Санат:Қазақстанның бұрынғы кенттері