Шалғышы — Қостанай облысы Қарасу ауданындағы ауыл, темір жол бекеті, Шалғышы ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Қарасу ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 58 км-дей жерде, Торғай үстіртінің қиыр солтүстік-шығыс шетінде, Тімтуір өзенінің сол жағалауындағы дала белдемінде орналасқан.
Халқы 1999 жылы ауылдың тұрғындары 1873 адам (886 ер адам және 987 әйел адам) болса, 2009 жылы 1805 адамды (884 ер адам және 921 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
Тарихы Іргесі 1940 жылы Ақмола (Астана) — Қарталы (Ресей) темір жолын салуға байланысты темір жол станциясысы есебінде қаланған. Шалғышыдан оңтүстікке қарай 2 км жерден республикалық маңызы бар Астана — Қостанай автомобиль жолы өтеді.
Дереккөздер
Санат:Қарасу ауданы елді мекендері Санат:Қазақстан темір жол бекеттері