Орыс қауымдастығы – облыста және Тараз қаласында тұратын орыс халқы өкілдерінің мәдени-қоғамдық ұйымы.Тараз энциклопедиясы Құрылуы 1992 жылы Тараз қаласында құрылған. Төрағасы С.А.Чаутина. Еңбектері Түрлі мерекелер кезінде мәдени-ағарту, этнографиялық, т.б. шаралар ұйымдастырады. Жыл басында дәстүрлі Рождестволық концерттер береді, Славян жазуы мен мәдениеті күндері, масленица, троица сияқты халық мерекелері атап өтіледі. Орыс қауымдастығы бастамасы бойынша Тараз қаласында А.С. Пушкиннің ескерткіші қойылмақшы. 2004 жылы «Ресейдің Қазақстандағы жылы» аясында ғылыми-практикалық конференция, концерттер өткізу көзделіп отыр. Сілтемелер Қоғам Қауымдастық Мекеме Дереккөздер

Санат:Мекемелер