Мұқанұлы Мәжит (1920 жылы 4 қазан, Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Ырғыз ауылында дүниеге келген – 1985 жылы3 ақпан, Алматы қаласында қайтыс болған) – психология ғылымдарының докторы (1980), профессор (1982). 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Ленинград педагогикалық институтын (1949) және Қарағанды мемлекеттік университетінің аспирантурасын (1953) бітірген. ҚазҰПУ-да кафедра меңгерушісі (1960–85), КСРО психологтар қоғамы Қазақ бөлімшесінің төрағасы (1971–85) болған. 100-ден астам ғылыми жарияланымның авторы.«Тарихи этникалық аспектідегі дәстүрлі сананы зерттеу» деген тақырыпта докторантуралық диссертация қорғаған. Негізгі ғылыми еңбектері этнопсихология сана, этно және лингвопсихология, оқыту психологиясы, жас аспектілері, педагогика-психологиялық ойлау құрылымы мен басқа (екінші) тілде сөйлеу мәселелеріне арналған.Қазақ Энциклопедиясы Дереккөздер

Сілтемелер Ленинград педагогикалық институты Лингвопсихология

Санат:Ғылым