Семиполка — Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданындағы ауыл, Семиполь ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы - Сергеев қаласынан солтүстік-батысқа қарай 26 км-дей жерде.
Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1308 адам (649 ер адам және 659 әйел адам) болса, 2009 жылы 928 адамды (446 ер адам және 482 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
Тарихы Іргесін 1895 жылы Украинадан қоныс аударған шаруалар қалады. 30-жылдардың бас кезінде ауыл шаруашылығын ұжымдастыруға байланысты құрылған ұжымшардың, 1957 жылы оның негізінде құрылған астық кеңшарының орталығы болды. 1996 жылы кеңшар негізінде ұжымдық кәсіпорын ұйымдастырылды.
Дереккөздер
Санат:Шал ақын ауданы елді мекендері