Дінасылбек Бөрібеков (1922)Қазақ энциклопедиясы – егінші, Большевик кеңшары егіншілер бригадасының бригадирі, Социалистік Еңбек Ері (1973). 1922 жылы Түркістан облысы, Қызылқұм ауданы, Шеңгелді (қазіргі Ұзынқұдық) ауылында туған.

Еңбек жолы Еңбек жолын 1941 жылы бастайды. 1941 – 1946 жылдары Қызыл Армия қатарында 2-дүниежүзілік соғысқа қатысты. 1946 – 1975 жылдары Мақтаарал ауданы Қызылтай ұжымшарында, Большевик кеңшарында егіс бригадасының бригадирі болады. 1975 жылдан Мақтаарал ауданындағы кеңшар бөлімшесінің меңгерушісі қызметтерін атқарды.

Марапаттары Октябрь Революциясы ордені Ленин ордені "Орақ пен Балға" алтын медалі Социалистік Еңбек Ері (1973) КСРО ХШЖК-нің алтын және күміс медальдары

Дереккөздер

Санат:Социалистік еңбек ерлері Санат:Түркістан облысында туғандар Санат:Ұлы Отан соғысының қатысушылары