Шәріпов Марат (1942–1997) – химия ғылымының докторы (1995).

Қысқаша өмірбаяны:

ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ) бітірген. 1968 жылы Еңбек жолын Қазақстан ғылым академиясының Органикалық катализ және электрoхимия институтында бастады. 1970–1985 Қазақстан ғылым академиясының Қарағанды химия-металлургия институтында аға инжинер, лаборатория меңгерушісі; 1985 жылдан Қарағанды мемлекеттік университетінде бөлім бастығы, проректор, кафедра меңгерушісі, профессор қызметтерін атқарған.

Ғылыми еңбектері гидрометаллургиялық үдерістердің физика-химия негіздері мәселесіне арналған. 100-ден астам ғылыми жарияланымның авторы.Қазақстан ұлттық энциклопедиясы

Дереккөздер:

Санат:Тұлғалар