Шевелев Илья Нисонович (8 Қаңтар 1921 жылы туған, Украина, Харьков қаласы) – медицина ғылымының докторы (1966), профессор (1967).
Қысқаша өмірбаяны:
1943 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын (қазіргі Қазақ ұлттық медициналық университеті) бітірген; 1943–1946 жылдары Кеңес Армиясында дәрігер; 1947–1953 жылдары Көз аурулары институтында (Украина) клиникалық ординатор, трахомаға шалдыққан балалар үйінде дәрігер; 1954–1973 жылдары Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер, директордың орынбасары; 1960–1973 жылдары институт директоры; 1973–1984 жылдары Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтында кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған.
Ғылыми еңбектері офтальмология мәселелеріне арналған. 3 авторлық куәліктің иегері. 2 рет «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған.Қазақстан ұлттық энциклопедиясы
Дереккөздер: