Қазиолла Еркенұлы Құбаев (1944 жылы туған, Ресей, Саратов облысы Чкалов селосы) – экономика ғылымдарының докторы (1990), профессор (1991).

ҚР Жоғары мектеп академиясының Саратов механикаландыру институтын бітірген (1966). Ақмола, Саратов облыстары ауыл шаруашылық кәсіпорындарында бас маман (1966–68); Саратов ауыл шаруашылығын механикаландыру институтында аспирант (1968–71); Жамбыл гидромелиорациялық-құрылыс институтында (қазіргі Тараз мемлекеттік университеті) кафедра меңгерушісі, декан (1971–83); Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылық институтында (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті'') кафедра меңгерушісі (1983–92) болды. 1993 жылдан профессор қызметін атқарады. 1993-1998 жылдары Т. Рысқұлов атындағы (нархоз) Қазақ экономикалық университетінің проректоры; 1998-1999 жылдары Павлодар гуманитарлық-экономикалық институтының ректоры; 1999-2002 жылдары Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінің Менеджмент және маркетинг кафедрасының меңгерушісі; 2002-2009 жылдары әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Менеджмент және бизнес кафедрасының меңгерушісі; 151-ден астам ғылыми жарияланым мен 8 монографияның авторы.“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

Дереккөздер

Санат:1944 жылы туғандар Санат:Саратов облысында туғандар Санат:Қазақстан экономистері Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Экономика ғылымдарының докторлары Санат:Қазақ ұлттық аграрлық университетінің профессорлары