Төлеген Кенжебайұлы Құлыбеков (1951 жылы туған,Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Маяк ауылы) – экономика ғылымдарының докторы (1998). ҚР Жаратылыстану ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1996).
Қазақ политехникалық институтын (1974, қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) бітірген. Торғай боксит кен басқармасында шебер (1974–77), Рудный индустриалдық институтында оқытушы, кіші ғылыми қызметкер (1977–79), Қазақ политехникалық институтының Қаратау бөлімшесінде оқытушы, бөлім бастығы (1986–93) болды. 1993 жылдан Қостанай мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі қызметін атқарады.
60-тан астам ғылыми жарияланымның авторы.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Дереккөздер
Санат:1951 жылы туғандар Санат:Сарыкөл ауданында туғандар Санат:Қазақстан экономистері Санат:Экономика ғылымдарының докторлары Санат:Қазақстан жаратылыстану ғылымдары академиясының корреспондент мүшелері Санат:Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті түлектері Санат:Рудный индустриалдық институты оқытушылары Санат:Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті оқытушылары Санат:Қостанай мемлекеттік университеті оқытушылары