Анатолий Шәменұлы Бөженов (1934 жылы туған) – техника ғылымының докторы (1990 жылы), профессор (2002 жылы). Мәскеу инженер-кұрылыс институтын бітірген (1958 жылы). 1958–64 жылдары Қазақ өнеркәсіп құрылысы жобасы институтында инженер, 1964 жылы Киев автожол институтының аспиранты, 1964–68 жылдары Өскемен жол құрылысы институтында жұмыс істеді. 1968 жылдан Қарағанды политехникалық институтында (қазіргі Қарағанды мемлекеттік техника университеті) кафедра меңгерушісі. 130-дан астам ғылыми еңбегі бар.“Қазақ Энциклопедиясы”, 2 томҚарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер</span>