Көкпекті — Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданындағы ауыл, Көкпекті ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Ботақара кентінен оңтүстік-батысқа қарай 33 км-дей жерде, Көкпекті өзенінің оң жағалауында орналасқан.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен2560 2822 2828 100,2 1383 1415 102,3 1439 1413 98,2
Тарихы Іргесі 20 ғасырдың 20-жылдары қаланған. 1930 жылдан Свердлов атындағы көкөніс-сүт өндіретін кеңшардың орталығы болып келді.
Кәсіпорындары мен инфрақұрылымы Ауылда автокөлік кәсіпорны, мемлекеттік асыл тұқымды мал стансасы, орта мектеп, кәсіптік-техникалық мектеп, клуб, Ұлы Отан соғысына қатысушыларға арналған ескерткіш бар. Көкпекті арқылы Қарағанды – Қарқаралы автомобиль жолы өтеді.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
Дереккөздер
Санат:Бұқар жырау ауданы елді мекендері