Көксәйек, Көксаяқ — Түркістан облысы Төле би ауданындағы ауыл, Көксәйек ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Леңгір қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 15 км-дей жерде, бұта аралас әр түрлі астық тұқымдас шөптер өскен сортаңды қоңыр топырақты тау алдының шөлейт белдемінде орналасқан.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен808711053 14304 129,4 5474 7207 131,7 5579 7097 127,2
Тарихы Іргесі 1952 жылы “Победа” шошқа шаруашылығын ұйымдастыруға байланысты қаланған. Оның негізінде 1997 жылдан серіктестіктер мен шаруа қожалықтары жұмыс істеді.
Инфрақұрылымы Ауылда 2 орта мектеп, клуб, мәдениет үйі, кітапхана, мешіт, стадион, сауда орталығы, аурухана, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.Қазақ энциклопедиясы, 11 - том
Дереккөздер
Санат:Төле би ауданы елді мекендері