Пионер-2 – ортағасырлық қалашық орны.Тараз энциклопедиясы Орналасуы Пионер-1 қалашығынан оңтүстікке қарай 50 м жерде, терең сай жиегінің сол жағында. Зерттелуі 1988 жылы ҚазМУ (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) археологиялық экспедиция (жетекшісі М.Елеуов) ашып, зерттеді. Қазіргі орны бұрыштары әлемнің төрт бұрышына бағытталған, көлемі 24×24 м, биіктігі 2 м, төбешік. Бұрыштарында мұнаралар орналасқан және олар жан-жағындағы жазық жерлерден 2 м-дей биік. Қалашықтың орталығы бөлігінде көлемі 1×1 м, тік қазба (шурф) түсірілді. Одан көлемі 0,5 м мәдени қабат аршылды. Қазба жұмысы кезінде табылған қыш ыдыстар сынықтары, қалашықты тұрғындары 10 – 12 ғасырларда мекен еткен деп жорамалдауға мүмкіндік береді. Сілтемелер ҚазМУ М. Елеуов Археология Дереккөздер
Санат:Тарих