Александр Григорьевич Лукашенко (; 30 тамыз 1954 жыл, Витебск облысы) — беларусьтік саясаткер, 1994 жылдан бері қызметтегі Беларусь тарихындағы тұңғыш және жалғыз президент, осылайша қазіргі Еуропадағы билікте ең ұзақ отырған мемлекет басшысы.
Саяси мансабына дейін Лукашенко совхозқа басшылық ететін, КСРО МҚК Шекара әскерлері мен Кеңестік армияда қызмет еткен. 1990 жылы ол Беларус КСР Жоғарғы кеңесіне депутат болып сайланды. КСРО ыдырауынан кейін ол Беларусь Жоғарғы кеңесі уақытша Жемқорлыққа қарсы комитетінің басшысы болды. Жаңа Конституцияның қабылданғанынан кейін 1994 жылы өткен елдің тұңғыш президент сайлауында Лукашенко жеңіп шықты.
Экономикалық талдырма терапияға қарсы шығып, басты өндірістерді мемлекеттік меншік етіп қалдырған Лукашенко Беларусьті посткеңестік кеңістіктегі өзге елдерде болғандай жаман рецессиядан сақтап қалды. Кеңестік идеологияға жақын саясатты ұстанған Лукашенко сәйкесінше даулы 1995 жылғы референдум нәтижесінде орыс тілін қалдырды, мемлекеттік рәміздердегі кеңестік символиканы қайтарып қойды.
Дәл сол референдум көмегімен Лукашенко жаңа өкілеттікке ие болды, ол енді Жоғарғы кеңесті әр кезде тарата алатын болды. 1996 жылғы референдум нәтижесінде оның билігі одан әрі нығайды. Сол кезден бері Лукашенко басшылығы авторитар болып келді де, өзі «Еуропаның соңғы диктаторы» атанды. Халықаралық бақылаушылар Беларусьтегі сайлауларды әділ, әрі еркін деп мойындамады, Лукашенконың тұңғыш жеңісін санамағанда. Үкімет қарсыластарына қысым көрсетеді, БАҚ еркіндігін шектейді.
Нәтижесінде батыстық үкіметтердің бірнешеуі Лукашенко мен өзге беларусьтік шенеуніктерге санкция салды.
COUNCIL IMPLEMENTING REGULATION (EU) 2020/1648 of 6 November 2020 implementing Article 8a(1) of Regulation (EC) No 765/2006 concerning restrictive measures in respect of Belarus 2020 жылғы сайлаудағы Лукашенконың жеңісі таласты болып шықты да, нәтижесінде 2020—2021 жылдары ел тарихындағы ең ірі наразылық шаралары орын алды. Осылайша Ұлыбритания, Америка Құрама Штаттары мен Еуропа Одағы Лукашенконы елдің президенті ретінде мойындамайтын болды.
Батыс әлемінен бөліну себебінен Беларусь Ресейге тәуелді мемлекет болып шықты. Бұл құбылыс Владимир Путин билігінің нығаюынан мықтылай кетті. Лукашенко, оған қоса, Беларусь пен Ресей арасындағы одақ-мемлекет құрылуына үлкен үлес қосты, бұл одақ көмегімен беларусьтіктер мен ресейліктер екі ел арасында еркін жүре алатын болды.
Ескертпелер
Дереккөздер
Санат:Беларусь саясаткерлері Санат:Беларусь президенттері Санат:XXI ғасырдағы Еуропа билеушілері Санат:Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессорлары Санат:XX ғасыр саясаткерлері Санат:Беларусь экономистері Санат:Әулие Андрей орденінің (Ресей Федерациясы) иегерлері Санат:2 дәрежелі Отан алдындағы қызметі үшін орденінің иегерлері Санат:Александр Невский орденінің (Ресей Федерациясы) иегерлері Санат:Мәскеудің 850 жылдық естелік медалінің иегерлері Санат:Достық орденінің (Татарстан) иегерлері Санат:Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев орденінің иегерлері Санат:Республика орденінің (Молдова) иегерлері Санат:Хейдар Әлиев орденінің иегерлері Санат:Хосе Марти Ұлттық орденінің иегерлері Санат:Азаткер ордені үлкен тізбегінің иегерлері Санат:Ұлы қыркүйек төңкерісі орденінің иегерлері Санат:Тәуелсіздік орденінің (Экваторлық Гвинея) иегерлері Санат:Вифлеем-2000 медалінің иегерлері Санат:Жайнау орденінің иегерлері Санат:1 дәрежелі Әулие кінәз Владимир орденінің иегерлері Санат:1 дәрежелі Сергий Радонежский орденінің иегерлері Санат:I дәрежелі Әулие әділ кінәз Мәскеулік Даниил орденінің иегерлері Санат:Подполковниктер (КСРО) Санат:Александр Лукашенко Санат:Беларусь ауыл шаруашылығы академиясы түлектері Санат:Могилёв мемлекеттік университеті түлектері Санат:Қазіргі мемлекет басшылары Санат:Беларусь президенттігіне үміткерлер (1994) Санат:Беларусь президенттігіне үміткерлер (2001) Санат:Беларусь президенттігіне үміткерлер (2006) Санат:Беларусь президенттігіне үміткерлер (2010) Санат:Беларусь президенттігіне үміткерлер (2015) Санат:Беларусь президенттігіне үміткерлер (2020) Санат:Беларусь президенттігіне үміткерлер (2025) Санат:Ұлыбританияның Беларуське қарсы жеке санкциялары Санат:ЕО Беларуське қарсы жеке санкциялар Санат:АҚШ-тың Беларуське қарсы жеке санкциялары Санат:Швейцарияның Беларуське қарсы жеке санкциялары Санат:Жапонияның Беларуське қарсы жеке санкциялары Санат:XXI ғасыр саясаткерлері Санат:Ереванның құрметті азаматтары