Еркінбек Солтыбаев (20.12.1947 жылы туған, Жуалы ауданы, Күреңбел ауылы) – қоғам қайраткері.

Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасы Шымыр руынан. Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын (1972) бітірген. Қазақстан КП ОК жанындағы Жоғары партия мектебін (1980) бітірген. 1965–79 жылы Көкшетау облысы, Көкшетау мал бордақылау ұжымшарында бригадир. Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Чапаев атындағы ұжымшар төрағасының орынбасары. Самсонов ауылы кеңесінің төрағасы. 1980–86 жылы Жуалы ауданы халықтық бақылау комитетінің төрағасы. 1986–95 жылы Сарысу аудандық атқару комитетінің төрағасы, Сарысу аудандық партия комитетінің 1-хатшысы, Сарысу аудандық халық депутаттары кеңесінің төрағасы. 1992–95 жылы Жуалы ауданы әкімі. 1995–97 жылы Жамбыл облыстық әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы. Екінші (1999) және үшінші (2003) шақырылған Жамбыл облыстық мәслихат депутаты, тексеру комиссиясының төрағасы. 2016 жылдан Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Медальдармен марапатталған.Тараз энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:20 желтоқсанда туғандар Санат:Қазақ ұлттық аграрлық университеті түлектері Санат:Қазақстан КП ОК жанындағы Жоғарғы партия мектебі түлектері Санат:Сарысу аудандық атқару комитетінің төрағалары Санат:Қазақстан КП Сарысу аудандық комитетінің бірінші хатшылары Санат:Сарысу аудандық Кеңесінің төрағалары Санат:Жуалы ауданының әкімдері Санат:Қазақстан облыстары бойынша мәслихаттар депутаттары