Ақшат ауылдық округі (2018 жылға дейін Лубен ауылдық округіБатыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының ауылдары мен ауылдық округтері атауларын қайта атау туралы Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 1 наурыздағы № 52 және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 16 наурыздағы № 16-6 бірлескен қаулысы мен шешімі.) — Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданындағы әкімшілік бірлік.

Әкімшілік құрамы Құрамына Ақшат, Сұлукөл ауылдары кіреді. Орталығы – Ақшат ауылы."Қазақ энциклопедиясы", X том Округ құрамында болған Юбилейное, Отрадное ауылдары 2011 жылы таратылған.Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауданының кейбір елді мекендерін тарату туралы

Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1313 адамды (678 ер адам және 635 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Дереккөздер

Санат:Шыңғырлау ауданы ауылдық округтері