Мұсабек Рақманбердиев (1951, Жуалы ауданы – 1998, Тараз қаласы) – белгілі қаламгер, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.Тараз энциклопедиясы Өмірбаяны Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген (1978). Жамбыл облысы «Еңбек туы» («Ақжол») газетінде еңбек жолын бастап, «Жазушы» баспасында редактор, «Қазақстан» баспасында бас редактордың орынбасары, «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, Жамбыл облысы телерадио компаниясының бастығы, Республикалық Телерадио корпорациясының Алматы орталығы бас директорының орынбасары, «Қазақтелефильм» акционерлік қоғамының президенті қызметтерін атқарды.

Шығармалары Оның «Ақ тілеу», «Үкілі сай», «Жылы жел», «Қарқаралы», «Мезгіл әуендері», т.б. шығармалары оқырман тарапынан жоғары бағаланды. Рақманбердиев Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты. Сілтемелер Қаламгер Редактор Президент Дереккөздер