Орынбек Көпжасаров(1888, Отырар ауданы Байырқұм ауылы – 1963) – Социалистік Еңбек Ері, озат шопан. Өмірбаяны 1930 – 1944 жылдары Дарбаза кеңшарында шопан, кейін Сырдария кеңшарында аға шопан болды. 1948 жылы әр жүз саулықтан 112 қозы алып, қаракөл елтірісінің 85%-ын бірінші сортпен тапсырды. Марапаттары КСРО Жоғары Кеңесі Президумы 1949 жылы 3 желтоқсандағы Жарлығымен Социалистік Еңбек Ері атағын берді.
Бұдан кейінгі еңбегі үшін 2-рет Ленин орденімен марапатталды. Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы, 4-том Сілтемелер
Санат:Тұлғалар Санат:Социалистік еңбек ерлері Санат:1888 жылы туғандар Санат:1963 жылы қайтыс болғандар