Бөдене ауылдық округі — Атырау облысы Индер ауданындағы әкімшілік бірлік.
Әкімшілік құрамы Әкімшілік орталығы әрі жалғыз елді мекені – Бөдене ауылы"Қазақ энциклопедиясы", X том.
Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 1560 адамды құрайды.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары +Елді мекенХалқы,адам (1989)Халқы,адам (1999)Халқы,адам (2009)Халқы,адам (2021) Бөдене 1120 1449 1476 1560
Тарихы 1950 жылдан ұсақ шаруашылықтарды қосып, ірілендіру басталды. Бөдене ауылдық кеңес аумағындағы “Екпінді” ұжымшарына көршілес Индер ауылдық кеңесіндегі “Алғашық”, “Алғабас” ұжымшарлары қосылып, Сталин атындағы ұжым құрылды. 1953 жылдан бастап “Коммунизм таңы” деп аталды. 1963 ж. ақпанда “Коммунизм таңы” Жарсуат кеңесі аумағындағы “Жамбыл” ұжымшарына қосылып, Жамбыл атындағы кеңшар аталып, сол жылы қазан айында “Индер” көкөніс кеңшары құрылды.
Инфақұрылымы Округте 11 шаруа қожалығы, «Бөдене» орта мектебі, "Балбөбек" бөбекжай бақшасы, емхана және байланыс бөлімшесі жұмыс істейді. Индер ауданы, «Арыс» баспасы Алматы, 2006 ISBN 9965-17-273-0
Дереккөздер
Санат:Индер ауданы ауылдық округтері