Аққұм — Қызылорда облысы Жалағаш ауданындағы ауыл, Аққұм ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Жалағаш кентінен онтүстікке қарай 26 км жерде, Сырдария өзенінің сол жағалауында орналасқан.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 2200 адам (1102 ер адам және 1098 әйел адам) болса, 2009 жылы 2158 адамды (1109 ер адам және 1049 әйел адам) құрады. 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халық санағы

Тарихы Ауыл 1967-1996 жылдары күріш өсіретін өзімен аттас кеңшардың орталығы болды. Қазір Аққұмда әртүрлі ауыл шаруашылық өнімдерін дайындайтын цехтар жұмыс істейді. Аққұм арқылы Қызылорда – Жосалы автомобиль жолы өтеді.

Дереккөздер

Санат:Жалағаш ауданы елді мекендері