Сүйіндік ауылдық округі — Атырау облысы, Құрманғазы ауданындағы әкімшілік бірлік.

Әкімшілік құрамы Құрамына Сүйіндік, Батырбек, Егінқұдық, Жалғызапан ауылдары кіреді. Орталығы – Сүйіндік ауылы"Қазақ энциклопедиясы", X том. Бұрын округ құрамында болған Жаңаауыл ауылы 2008 жылдан бастап Асан ауылдық округіндегі Үштаған ауылының құрамына енгізілдіҚұрманғазы ауданының әкімшілік-аумақтық бірліктеріне өзгерістер енгізу туралы. Округтің жер көлемі - 230646 гектар.

Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 2531 адамды (1321 ер адам және 1210 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары Округте 29 Батыр ана, 3 алтын алқа иелері бар. +Елді мекенХалқы,адам (1989)Халқы,адам (1999)Халқы,адам (2009)Халқы,адам (2021) Сүйіндік 2896 2470 2113 1823 Батырбек 276 309 364 198 Егінқұдық 259 329 358 136 Жалғызапан 513 545 573 374 Жаңаауыл 130 - ҮштағанКейін Асан а/о-не берілген 410 617

Тарихы Ауылдық округ тарихы 1928 жылдан басталады. 1928 ж. құрылған Азғыр ауданына осы өңірдегі «Жиделі» «Қошалақ», «Дыңғызыл», «Ноғайбай», «Теректі», «Батырбек», «Қасымтау», «Жас күш», «Сүйіндік», «Лабай», «Азғыр» кеңестері бірікті. 1930 ж. күзде Азғыр ауданы таратылған соң, бұл кеңестер Орда ауданына бағынды. 1930 жылы құрылған ТОЗ-дар кейін 1932 ж ауыл шаруашылығы артельдері болып ұйымдасты. 1930 - жылдардың орта шенінде колхоздар болып құрылды, олар мал шаруашылығын дамыту, егін өсірумен шұғылданды. 1954 жылы колхоздар ірілендірілді, «К.Маркс», «Сталин» колхоздары бірікті. Сүйіндік ауылы кеңесінде К.Маркс колхозы болды, Лабай кеңесінде Куйбышев колхозы, Батырбек кеңесінде Алғабас, «XIX партия сьезі» колхоздары бірікті. 1957 жылы осы ауылдық кеңестердегі «К.Маркс», «Куйбышев», «Сталин», «Правда», «Чкалов», «Интернационал» колхоздары біріктіріліп, «Сүйіндік» кеңес шаруашылығы құрылды. Кеңшар еділбай тұқымды қой шаруашылығын өсірумен, жылқы шаруашылығымен айналысты.Киелі мекен, қасиетті өлке -Құрманғазы. Ағатай баспасы, Атырау-1920 ж. ISBN 978-601-7861-86-5

Инфрақұрылымы Округ көлемінде 2 орта, 1 орталау, 1 бастауыш мектеп, мектеп жанында жатақхана, орталық мәдениет үйі, кітапхана, 2 клуб, дәрігерлік амбулатория, аурухана, 3 фельдшерлік пункг, пошта, телехабар тарату нүктесі, АТС филиалы, «Атырау-Жарық» мекемесі, сауда орындары, дүкендер, басқа да қызмет көрсету орындары жумыс жасайды.Атырау облысы Құрманғазы ауданының қысқаша энциклопедиясы. «ҚазПолиграфОрталығы» ЖШС, Алматы, 2001

Округ әкімдері Ауылдық округте әр жылдары М.Лұқпанов, Ғ.Елемесов, Ж.Әліпов, Б.Валиев, Х.Үмбетов, А.Мүфтах, Г.Бектемісов әкім болды.

Округтегі тарихи және мәдени ескерткіштер Социалистік Еңбек Ері О.Қабдол тұрған үйдегі мемориалдық тақта Социалистік Еңбек Ері А.Таңатаров тұрған үйдегі мемориалдық тақта Ұлы Жеңістің 40 жылдығына арналған обелиск Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жерлестерге қойылған обелискіҚұрманғазы ауданы. Шежіре. - Алматы: "Арыс" баспасы, 2008. ISBN 9965-17-535-7

Дереккөздер

Санат:Құрманғазы ауданы ауылдық округтері