Шортанбай ауылдық округі — Атырау облысы, Құрманғазы ауданындағы әкімшілік бірлік.
Әкімшілік құрамы Құрамына Шортанбай, Жасталап ауылдары кіреді. Орталығы – Шортанбай ауылы"Қазақ энциклопедиясы", X том.
Сипаттамасы Округ оңтүстігі мен батысында Ресей Федерациясымен, солтүстігінде Дыңғызыл ауылдық округімен, ал шығысында Бөкейхан ауылдық округімен шектеседі. Округ аудан орталығынан 56 км, облыс орталығы Атыраудан 260 км қашықтықта орналасқан. Округке Орталық, Түйгішауыл, Жасталап елді мекендері, Тайарал, Пионер лагері жерлері қарайды.Атырау облысы Құрманғазы ауданының қысқаша энциклопедиясы. «ҚазПолиграфОрталығы» ЖШС, Алматы, 2001
Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1460 адамды (703 ер адам және 757 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Тарихы Бұл өңірдің барлығы ертеректе Кордуан селолық Кеңесіне қараған, одан кейінгі жылдарда Байда селолық Кеңесі болып, орталығы қазіргі Котяев ауылына бірнеше елді мекендер Шортанбай, Байда, Жасталап т.б. қараған. Ал Шортанбай селолық кеңесі болып 1963 жылы құрылған.Киелі мекен, қасиетті өлке -Құрманғазы. Ағатай баспасы, Атырау-1920 ж. ISBN 978-601-7861-86-5
Инфрақұрылымы Округте 3 мектеп, 1 учаскелік аурухана, 2 ФАП, 2 мөдениет үйі, 2 кітапхана, 16 шаруа қожалығы жүмыс жасайды. Округ әкімдері Селолық Кеңес төрағалары, округ әкімдері болып әр жылдары Ж. Мұсағалиев, К.М. Волгина, Н. Мендәлиев, И. Ғауатов, Ш. Аташева, Х. Ізбасов, Ж. Қаражауов, Ж. Бегәлиев, Ө. Қазиев, С. Жәнесов, Б.Н. Шурин жұмыс жасады. Округтегі тарихи және мәдени ескерткіштер Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жерлестерге қойылған обелискіҚұрманғазы ауданы. Шежіре. - Алматы: "Арыс" баспасы, 2008. ISBN 9965-17-535-7
Дереккөздер
Санат:Құрманғазы ауданы ауылдық округтері