Полат Қазымбетұлы(1947 ж. т., Мақтаарал ауданы) – ғалым, медицина ғылымдарының докторы, профессор. Өмірбаяны С.Ж. Аспандияров атындағы мемлекеттік медицина университетінің емдеу факультетін бітірген (1969). Аталған оқу орнының аспирантурасын аяқтады. 1972 – 1985 жылдары институт жанындағы орталық ғылыми-зерттеу зертханасында ғылыми қызметкер болды. 1986 – 1988 жылдары Мәскеудегі Ресей онкология және радиология ғылыми орталығында докторантурадан өтті. 1990 – 2001 жылдары Аспандияров атындағы мемлекеттік медицина университетінде аға оқытушы, биология және радиология кафедрасының меңгерушісі, емдеу ф-тінің деканы болды. 2001 жылдан бері Ақмола мемлекеттік медицина академиясының ректоры әрі ҚР Медицина жоғарғы оқу орындары оқу-әдістемелік бірлестігінің төрағасы. Еңбектері Жүзден аса ғыл. еңбегі бар, 1 ғылым докторын, 4 ғылым кандидатын дайындаған. Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы, 4-том
Сілтемелер
Санат:Тұлғалар