Бегділдә Әйділдәұлы Алдамжаров (3 сәуір, 1946 жылы туған, Қазалы ауданы, №99 темір жол айырмасы) – ақын, жазушы, тележурналист.
Өмірбаяны ҚазМУ-дың (ҚазҰУ) филология факультетін бітірген (1970). Еңбек жолын Қазалы ауданының мәдениет бөлімінде бастаған (1964) Қазақ Телевизиясы. Энциклопедия. - Алматы: "ҚазАқпарат" 2009, 1-т: - 640 бет, ISBN №978-601-03-0070-5. Әр жылдары «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде қызмет істеген. «Жазушы» баспасында қызмет істеген. Қазақ теледидары музыка редакциясында редактор, аға редактор болып қызмет істеген. Қазір «Жұлдыз» журналының бөлім меңгерушісі.
Шығармалары Өлеңдері Алғашқы өлеңдері 1960 ж. «Сәт сапар» деген атпен республикалық жастар газетінде жарық көрген. Нөсер, А., 1968; Жыл мезгілдері, А., 1969; Айлы түндер, А., 1970; Нұр мен түнек, А., 1973; Іздедім сені, А., 1977; Мизам айы, А., 1983; Бірқатар әндері "Ауыл кеші көңілді" жинағында жарық көрген. Сын жанрында да қалам толғап жүр.
Прозасы «Қара нөсер» (1981) «Жықпыл» (1985) «Ұлы сел» атты төрт томдық тарихи романының алғашқы екі кітабы (1988, 1992) жарық көрген. Аудармалары Төл туындыларынан басқа Ә.Фирдоусидің «Шаһнама» эпопеясының «Мәнушеһір» (1973) және «Кей Хосроу» (1976) дастандарын грузин ақыны О.Челидзенің балаларға арналған «Алхан мен Шалхан» атты дастанын (1971) қазақ тіліне аударды. А.Пушкин А.Блок П.Неруда Е.Евтушенко Б.Ахмадуллина А.Вознесенский, т.б. ақындардың өлеңдерін қазақ тіліне аударған.“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6
Дереккөздер
Санат:3 сәуірде туғандар Санат:1946 жылы туғандар Санат:Қазалы ауданында туғандар Санат:Қазақстан ақындары Санат:Қазақстан жазушылары Санат:Қазақстан аудармашылары Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері