Вивианит [ағылшын ғалымы Дж. Вивианның (Vіvіan) есімімен аталған] – фосфаттар класының минералы. Хим. формуласы Fe3[PO4]2•8H2O. Құрамында магний мен марганец бар В-тің түрлері паравивианит деп аталады. Моноклиндік сингонияда кристалданып призма, шыбықша, ине пішінді болып түзіледі. Агрегаттары сәулеше тарамдалған, домаланып тығыздалған немесе топырақтай борпылдақ түрде кездеседі. Өзгеріске ұшырамаған күйде мөлдір, түссіз. Тотыққанда сұрғылт жасыл, қара көк. Қатт. 1,5 – 2,0, морт сынғыш, менш. салм. 2,95 г/см3. В. экзогендік жағдайда фосфорға қанық темір кендерінде, кейде шымтезек кен орындарында түзіледі. В. фосфор тыңайтқышы ретінде қолданылады әрі одан көк бояу жасалады.Қазақ Энциклопедиясы

Сингониясы моноклиндік; призма формасында. Оптикалық оңқай, плеохраизмы күшті, 2u үлкен. Ng =1,633, Nm = 1,603, Np=1,579. Кристалдық бейнесі ұзын шыбықша, призма түрінде. Агрегаттары тұтас масса түрінде көп кездеседі.

Жаратылысы. Вивианит үгілу әсерінен пайда болады. Әдетте сидеритпен қоса кездеседі. Кендері. Вивианит біздің елімізде Қырымда, Керчь және Таман түбектерінде кездеседі.

Дереккөздер

Санат:Темір минералдары Санат:Фосфат минералдар