Телефон-Телекс нарығы — фьючерстік биржа әрекет ететін нарықта нақты тауармен сауданы ұйымдастыру нысаны. Телефон-Телекс нарығы қандайда болсын нақты ұйымдық немесе заңды құрылым құруды көздемейді. Мұндай нарықтағы мәмілелер саудагерлер қауымдастықтары әзірлеген үлгілік келісімшарттар негізінде жасалады. Саудада түйінді рөл делдалдарға жүктеледі; келісімшарттар негізінен телекс пен факс арқылы жасалады, олармен берілген хабарлама мәміленің жасалғанын заң жүзінде қуаттау болып табылады. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том Сілтемелер
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Телефон-Телекс нарығы · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.