ТАТАР-БАШҚҰРТ МӘДЕНИЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ “Идел” қауымдастығы – қоғамдық ұйымы 1990 ж. құрылған. Қауымдастықтың мақсаты – Қазақстандағы татарлар мен башқұрттардың ана тілінде тәрбие алуына және ұлттық салт-дәстүрі мен мәдениетін ұмытпауына жағдай жасау, сондай-ақ жастарға қолдау көрсету. Осы мақсатта жыл сайын облыс орталықтарында сабантуй, татар, башқұрт әндері мен билері фестивалі, сондай-ақ “Козге Иртыш моннары” халықар. фестивалі ұйымдастырылады. Сабантуйда татар және башқұрт халықтарының әндері мен билері орындалып, ұлттық спорт ойындары өткізіледі. Семей қаласындағы бастауыш музыкалық татар хор мектебіне (қазір Өнер мектебі) қауымдастық тарапынан қаржылай демеушілік жасалады. Қауымдастық облысы татар-башқұрт мәдениет орт-ның ортақ іс-қимыл жоспарын белгілеп отырады.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер