Катехизис«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том, катихизис (грекше katechesіs – нақыл, өсиет) 1) христиан дінінің негізгі ережелері жинақталған нұсқау. Христиандықтың алғашқы ғасырларында “Катехизис” термині шоқындыру алдындағы ауызша өсиеттерді білдірді. 16 ғасырдан бастап христиан шіркеуінің ілімін ұғымды етіп, сұрақ-жауап түрінде баяндайтын кітап “Катехизис” деп аталды. Православие, протестант, католик шіркеулерінің өз катехизистері бар; 2) сұрақ-жауап түрінде жазылған шығарма.
Дереккөздер
Санат:Шығарма