Кашмирліктер(кашм. कश्मीरी / کشمیری) — Үндістандағы халық, Джамму және Кашмир штатының негізгі халқы. Кашмирлер Қытайда Ақсай-Чин үстіртінде де тұрады. Жалпы саны 4 млн. адам (1997). Еуропа нәсілдің солтстік үндістандық тобына жатады.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том
Тілі Кашмирлердің ана тілі — кашмири тілі, ол үндіеуропалық отбасының дардиялық тобының шығыс шағын тобына жатады. Кашмири қазір бес диалектіге бөлінеді: кашмири, каштавари, погули, сираджи және рамбани. Бұрын үнді жазуының әртүрлі жүйелері қолданылса, кейін араб әліпбиі де қолданыла бастады. Қазіргі әдеби нұсқасы кашмир диалектісіне негізделген. Қала тұрғындарының арасында хинди, урду, панджави тілдері де кең тараған. Балаларын урду, ағылшын тілдерінде көбірек оқытады.
Діні 94%-ы ислам дінін ұстанады. Қалғандары – индуистер.
Тарихы XVI-XVIII ғасырларда Иран, Ауғанстан және Орта Азия мұсылман билеушілерінің жаулап алу соғыстары кезінде кашмирлер исламға бет бұрды, негізінен ассимиляцияланды. 1947 жылы Джамму және Кашмир штаты құрылып, кашмирліктердің ұлттық бірігу процестері күшейді.
Кашмирліктердің Исраилдің жоғалған руларынан шыққаны жайындағы аңыз Кашмирліктердің Исраилдің жоғалған руларынан шыққаны жайындағы аңыз бойынша, солтүстік Үндістан мен Пәкістанды мекен еткен кашмир халқы Исраилдің жоғалған он руының тікелей ұрпақтары делінеді. Бұл жайында алғаш, 11-ші ғасырдың әйгілі парсылық мұсылман ғұламасы Әбу Райхан Әл-Бируни сөз еткен. Оның айтуы бойынша, бұрындары кашмирліктер өз жеріне еврейлерден басқа ешкімді кіргізбеген екен. 17-ші ғасырда өмір сүрген француз дәрігері Франсуа Бернье мен сэр Френсис Юнгасбэнд 1800-ші жылдары сол өлкені зерттеген. Олар кашмирліктер мен еврейлердің ерекше физиономиялық ұқсастықтарын жазған, әсіресе «түр әлпеттері, қырлы танау және бас формаларының ұқсастығы» жайында. Егер бір халықтың түр пішіндері басқа халыққа ұқсайтыны көрсеткіш болып саналса, онда еврейлік түр пішіні бар кашмирліктерді"Народы Кашмира потомки пропавших Колен Израиля",youtube.com, күмәнсіз, еврей халқынан шыққан деп есептеуге болады деген Бернье.Jesus in India, Islam International Publications Ltd, р147 Ал А.К. Джонстонның Жағрафиялық Сөздігінің 250-ші бетінде, «Кашмир» делінген тарауда былай жазылған:
нобай|оңға|200px|Дәстүрлі киімдегі кашмир балалары
Хөлгер Кёрстен атты саяхатшы ғалым былай деп жазады:
Х. Кёрстен өз еңбегінде кашмирліктердің көптеген жер-су атаулары, басқа да тұрмыстық терминдері еврей тілінен шыққанына дәлелдер келтіреді. Тағы бір қызық дерек бойынша: "Кашмир тұрғындарының басым көпшілігі пісірілген балықты жақсы көреді, олар оны «фари» деп атайды екен, кезінде Мысыр елінен шыққан оқиғаның естелігі ретінде. «Мысырдағы тегін балықты айтсаңшы! Қияр мен қарбыз, жуа, пияз әрі сарымсақ дегендерді айтсаңшы!» (Руларды санау, 11:5)"
Кашмирдегі ескі зираттардың көпшілігі яһудилік дәстүрге сай шығыстан батысқа бағытталған, ал мұсылмандық дәстүр бойынша зираттар міндетті түрде солтүстіктен оңтүстікке бағытталады. Кашмирдің Харвон, Райпур, Саид Бладур Сахиб, Кукар Нағхе, Ауантипур секілді жерлерде осындай зираттар көптеп кездеседі.
1899 жылы Ахмадия Мұсылман Жамағатының негізін құрған Мырза Ғұләм Ахмедтің жасаған мәлімдемесі бойынша, Иса пайғамбар айқыштағы өлімнен аман қалып, Исраил халқының жоғалған руларын іздеп, оларға ізгі хабарын жеткізу үшін Кашмирге барған.Иисус Христос был спасён от гибели на кресте. Исламская Международная Публикация 2008"Иисус в Кашмире", Films Division шығарған деректі фильм, youtube.com"Вознесся ли Иисус на небеса? (фильм Би-би-си)", ВВС шығарған деректі фильм, youtube.com Ғұләм Ахмедтің айтуы бойынша, Иса пайғамбар Кашмирде өмір сүрген, үйленіп балалы болған, және 120 жасында өмірден өтіп, Сринигарда жерленген.
Тілдік/терминдік ұқсастықтары Кашмирлік атаулардың көне еврей сөздеріне ұқсайтыны да осы теорияны қуаттайды. Кашмир атауы жергілікті тілде «Кашир» делінеді, бұл еврейдің (ивритше: כשיר) «Кашир» сөзінен шыққан, «Шам (Сирия) секілді» деген мағынаны білдіреді. Жоғалған он ру мекен еткен Кашмир алқабы, жергілікті тілде «Бағ-е-Сулейман» (Сүлейменнің бағы) деп айтылады. Кашмир мен көне Израиль арасындағы байланыс, «Мұсының қабірі», «Сүлейменнің тағы» деген кашмирлік атаулармен де қуатталады. Сондай-ақ Кашмирлік аңыз бойынша, еврей халқының 40 жыл жер кезушілігі Таяу Шығыстан Кашмирге дейінгі жерлерді қамтыған, және де Кашмир жері нағыз Киелі мекен болып есептеледі. нобай|оңға|200px|Кашмирлік қарт немересімен Шамамен 350-ден астам Кашмирдің жер-су атаулары көне Шам жерлерінің атауларына ұқсайды. Мысалға:
Бетпур (ивритше «Бет Пеор») Наво тауы (ивритше «Небу» тауы) Фасги тауы (ивритше «Писгах» тауы) Мамре (ивритше «Мамре») Амариа (ивритше «Амариа») Бирсу (ивритше «Бирша») Харвон (ивритше «Харан») және т.с.с.
Кашмир мен Израиль арасындағы байланыс тілдік ұқсастықта жақсы көрініс тапқан. Кашмирлік тіл Үндістанның басқа санскриттік тілдерінен қатты өзгешеледі. Кашмир привинциясының тілі иврит тілінің ықпалымен дамығаны жайында ғалым Әбдул Ахад Азад былай деп жазады:
Кәсібі нобай|оңға|200px|Кашмир балықшылары Негізгі кәсіптері – көп салалы ауыл шарушылығы. Күріш, жүгері, бидай, көкөніс пен жеміс-жидек егеді. Бал арасын, жібек құртын өсіреді. Таулы жерде тұратындар мал шарушылығымен (қой, ешкі) айналысады. Жүннен орамал, кілем тоқу, ағаштан өрнек ою, түрлі бұйымдар жасау, темір ұсталығы, зергерлік өнері дамыған. Жерсіз және жері аз шаруалар ірі жер иелерінен жерді жалға алып күнелтеді. Кейде сырт өлкелерге барып жалданып еңбек етеді.
Кашмирліктердің негізгі кәсібі – егіншілік (күріш, мақта, шафран, гүл, бау-бақша дақылдары) және мал шаруашылығы. Олар негізінен Кашмир алқабының дәстүрлі қолөнер өнімі - атақты Кашмир шәлісін жасау үшін қолданылатын әйгілі Кашмир жүнін шығаратын қой өсіреді. Бұл алқап сонымен қатар түкті кілемдер, кестелі киіз кілемдер, папье-машеден жасалған бұйымдар, мыс, эмаль, ағаш оюлары шығарылатын дәстүрлі орын болып табылады.
Өмір салты Кашмирлер арасындағы тайпалық жүйе мен алғашқы қауымдық ұйымның негіздері жойылған. Қоғамдық қатынастардың тапқа дейінгі осы түрлерінің санаулы ғана ізі сақталған. Көп балалы жеке отбасы, шағын жеке отбасымен ауыстырылуда. Ауыл қауымы махараджа әкімшілігіне, яғни салық жинауға және халықты заттай міндеттерді орындауға жұмылдыруға ыңғайлы болу үшін қажет болған жағдайда ғана сақталды. Сайланбалы ауыл әкімшілігінің орнына үкімет тағайындаған лауазымды адамдармен ауысты.
Кашмирдегі касталық ұйым соншалықты кең таралмаған және касталық режим Үндістанның басқа аймақтарындағыдай қатаң сақталмаған. Каста топтары негізінен халықтың индуизм бөлігінде. Кашмирлік индустардың көпшілігі брахман пандит кастасына жатады.
Елді мекендері мен дәстүрлі баспаналары Кашмирліктердің дәстүрлі баспанасы екі, кейде үш қабатты тастан, кірпіштен немесе ағаштан жасалған үйлер. Бірінші қабаты мал мен ыдыс-аяқ, екіншісі тұрғын үй. Төбесі биік, плитадан, сабаннан, жабынқыштан жасалған.
Дәстүрлі киімдері Дәстүрлі киімдері - жамылғы шапан "бурка" (мұсылман әйелдерде), ұзын көйлек, шапан (пхирен) және шалбар (ер адамдарда-пижама, әйелдерде — шалварлар); ер адамдар бас киім киеді (үнділер — дөңгелек бас киімдер), әйелдер көбінесе басын дөңгелек бас киімдермен, орамалмен немесе сары жиекпен жабады.
Дәстүрлі тағамдары Кашмир асханасы әлем асханаларының ішінде ерекше орын алады. Ежелгі заманнан бері кашмирліктердің негізгі тағамы күріш болды. Ет күрішпен бірге Кашмирде танымал тағам болып табылады. Тұзды шай немесе түскі ас - самаварда, кашмирде дайындалатын дәстүрлі сусын. Кехва, дәмдеуіштер мен бадам қосылған жасыл шай ерекше жағдайларда және фестивальдерде беріледі. Кашмирлік үйлену тойларына вазван деп аталатын мереке кіреді, оған әдетте дәстүрлі аспаздар (ваз) дайындаған ащы тағамдар кіреді.
Сыртқы сілтемелер "Племя Израилево в Кашмире" (Кашмирдегі израильдік рулар) "Теория о еврейском происхождении кашмирцев" (Кашмирліктердің жебірейлерден шыққаны жайындағы теория) Видео: "Народы Кашмира потомки пропавших Колен Израиля" (Видео: Кашмирдің халықтары жоғалған Исраил руларының ұрпақтары) "Kashmir". Jewish Virtual Library" ("Кашмир". Еврейлік виртуалды кітапхана)
Дереккөздер:
Санат:Үндістан этникалық топтары Санат:Семит халықтары Санат:Еврейлер