Прибрежное — Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданындағы ауыл, Прибрежный ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы — Бескөл ауылынан солтүстікке қарай 2 км-дей жерде, Есіл өзенінің оң жақ аңғарында орналасқан.

Тарихы Іргесі 1902 жылы қаланған. 1947 жылдан кеңшардың орталығы болды. 1996 жылы кеңшар негізінде шаруа қожалықтары құрылды.

Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1165 адам (567 ер адам және 598 әйел адам) болса, 2009 жылы 1336 адамды (665 ер адам және 671 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

Дереккөздер

Санат:Қызылжар ауданы елді мекендері