Геннадий Константинович Рязанцев (1936 жылы туған, Успеновка ауылы) – ғалым, техника ғылымдарының докторы (1987), профессор (1993).
Өмірбаяны 1959 жылы Қазақ тау-кен металлургия институтын бітірген. 1959 – 61 жылы Қарағанды металлургия комбинатында тау-кен шебері, 1961 – 88 жылы Қазақстан ҒА тау-кен ісі институтында аға инженер-зерттеуші, кіші, аға ғылыми қызметкер, зертхана меңгерушісі, 1988 – 96 жылы бөлім бастығы қызметтерінде болды. 1996 жылы осы институтта лаборатория меңгерушісі.
5 ғылым кандидатын тәрбиелеп шығарған, 74 ғыл. еңбектің, оның ішінде 4 монографияның авторы.
Шығармалары Принцип минимума и оптимальная политика управления вентиляционными и гидроавлическими сетями, А.-А., 1968; Устойчивость и управляемость шахтных вентиляционных систем, А.-А., 1978.Тараз энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:1936 жылы туғандар Санат:Техника ғылымдарының докторлары Санат:Қазақ тау-кен металлургия институты түлектері Санат:Тау-кен ісі институтының профессорлары