Сақпан — тас атуға арналған ежелгі замандағы қол қаруы. Ежелгі Египет, Грекия, Рим, Орталық Азия елдерінде соғыс қаруы ретінде қолданылған.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл Сақпан түркі халықтарында жаугершілікке және аң аулауға, мал қайыруға пайдаланылды. Сақпан жылқының қылынан, жүннен есілген немесе таспадан өрілген. Өрімнің тең ортасына жұмыр тас, қорғасын қоюға ыңғайлап “алақан” жасалған. Соған тас салып үйіріп, жіптің бір ұшын ағытқанда тас алысқа атылған. Қазақ халқында сақпанның 2 түрі болған: сапты сақпан және түйме сақпан Алғашқысының бір жағынан ағаш сап байланады; екіншісі жіптен оралып білекке тағылады. Сапты сақпан мал қайыру, күзету, төлдету кезінде пайдаланылады. Осыған орай төл бағушы “сақпаншы” деп те аталған. Қазақ энциклопедиясы, 7 - том Дереккөздер:

Санат:Әскери іс