Салжұқ (902 - 1009) — түрік-оғыздардың қынық тайпасының басшысы, Селжүк әулетінің негізін салушы.

Салжұқ әкесі сияқты түркі-оғыздар билеушісіне (жағбу) қызмет атқарды. Кейін Салжұқ билеушімен келіспей, жақтастарымен бірге Сырдарияның төменгі ағысындағы Жентке қоныс аударды. 10 ғасырдың аяқ шенінде ислам дінін қабылдады. Салжұқ ұрпақтары оғыз-салжұқтар қозғалысына басшылық етті. Бұл қозғалыс нәтижесінде Салжұқ сұлтандығы қалыптасты.Қазақ энциклопедиясы, 7 - том

Дереккөздер

Санат:Селжұқ әулеті Санат:902 жылы туғандар Санат:1009 жылы қайтыс болғандар Санат:Түркия тарихы Санат:Түрікменстан тарихы Санат:Хазар қағанаты