Ақтау – Жетісу облысы Панфилов ауданындағы оқшау тау. Абсолюттік биіктігі 893 м.
Жер бедері Сай-жыраларымен тілімденген және ендік бағытта жатқан таудың ұзындығы 9 км, енді жері 6 – 7 км-дей. Таудың Іле аңғарына қарайтын оңтүстік беткейі жайпақ келген, батысы мен шығысы тіктеу. Солтүстік бөктері Қатутау тауына ұласып кетеді.
Өсімдігі Беткейі мен етегінде бұта аралас (сексеуіл, жүзгін) астық тұқымдас шөптесіндер өседі. Батысында Үкгүл бұлағы, шығысында бұта шоғырлары кездеседі.Тараз энциклопедиясы
Галерея
Дереккөздер
Санат:Панфилов ауданы таулары Санат:Жетісу Алатауы