Сағат Ермағамбетұлы Жылгелдиев (12 желтоқсан 1954 жыл, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Аққыр ауылында туған – 16 мамыр 2022 жыл қайтыс болдыАтақты актер Сағат Жылгелдиев өмірден озды) – актер Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1995). Ерен еңбегі үшін медалінің иегері (2007).
Жалпы мәліметтер Сағат Ермағамбетұлы Қазақ драма театры жанындағы театр студиясын (1972), Қазақ ұлттық консерваториясының актерлік бөлімін (1977) бітірген. 1977 жылдан Қазақ балалар мен жастар театры сахнасында өнер көрсетеді. Ол ойнаған Ақын (И.Сапарбаевтың “Ауылдан келген аруында”), Байжан (И.Ғайыптың “Алтын ажалында”), Абдолла (С.Балғабаевтың “Ең әдемі келіншегінде”), Қожа Ахмет Иасауи (О.Дастановтың “Әзірет Сұлтанында”), Шеге, Байдалы би, Сердәлі (Ғ.Мүсіреповтің “Қыз Жібек”, “Ұлпан”, “Ақан сері – Ақтоқтысында”) т.б. рөлдері мамандар тарапынан жақсы баға алған.Қазақ энциклопедиясы
Еңбек жолы 1977-1997 жылдары Бикен Римова атындағы Талдықорған қалалық қазақ драма театрыында актер. 1997 жылдан бастап Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актері.
Жеке өмірі Сағат Жылгелдиевтің жары: актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Жібек Рақымбердіқызы Лебаева.
Марапаттары 1995 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі құрметті атағы берілді. 2007 жылы «Ерен еңбегі үшін медалі» 2011 жылы "ҚР тәуелсіздігіне - 20 жыл" медальі; 2016 жылы "ҚР тәуелсіздігіне - 25 жыл" медальі;
Дереккөздер
Санат:Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театры тұлғалары