Тілеу Нұрмұратов (1938 жылы туған, Алматы облысы Ақсу ауданы) – биология ғылымының докторы (1997). Оқу жолы Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылық институтын (1961, қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген. Жұмыс жолы Талдықорған орман шаруашылығында орманшы, Қазақ өсімдік қорғау ғылыми-зерттеу институтында (1965–1974), ВАСХНИЛ-дің Шығыс бөлімшесінде, Қазақстан КП ОК ауыл шаруашылық бөлімінде (1974–1981), Қазақстан Ғылым Академиясының Қазақ өсімдік қорғау ғылыми-зерттеу институтының директоры қызметтерін (1981–2001) атқарды. Ғылыми еңбектер 80-нен астам ғылыми жарияланымның авторы.

"Қазақ энциклопедиясы" Дереккөздер </span>

Санат:Тұлғалар