Гүлшат Рамазанқызы Нұрымбетова (1.1.1967 жылы туған, Қызылорда облысы) – саясаттану ғылымдарының докторы (2006), профессор (2008). Оқу жолы ҚазМУ-ды (1988, қазіргі ҚазҰУ) және аспирантурасын (1995) бітірген. Жұмыс жолы Ақтөбе педагогикалық инстиутында оқытушы (1988–1990, қазіргі Ақтөбе мемлекеттік университеті), 1995–2008 ж. ҚазҰПУ-да аға оқытушы, доцент, профессор қызметтерін атқарды. 2008 жылдан ҚР Білім және ғылымының министрлігіне қарасты Мемлекет тарихы институтында бөлім бастығы қызметін атқарады.
Ғылыми еңбектер «Қазақстан қоғамын жаңартуға азаматтардың саяси қатысуы» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 100-ден астам ғылыми жарияланым мен 2 монографияның авторы."Қазақ энциклопедиясы"
Дереккөздер
Санат:1 қаңтарда туғандар Санат:1967 жылы туғандар Санат:Қызылорда облысында туғандар Санат:Қазақстан саясаттанушылары Санат:Саясаттану ғылымының докторлары Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Ақтөбе мемлекеттік университеті оқытушылары Санат:Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті оқытушылары Санат:Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің профессорлары Санат:Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Мемлекет тарихы институты қызметкерлері