Талды (2024 жылға дейін — Лесновка)Жетісу облысының Алакөл және Панфилов аудандарының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы — Жетісу облысы Панфилов ауданындағы ауыл, Талды ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Жаркент қаласынан солтүстік-батысқа қарай 12 км-дей жерде, Кіші Өсек (Үсек) өзені жағалауында, Тоқсанбай жотасының солтүстік етегінде орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен19622063 2080 100,8 1041 1065 102,3 1022 1015 99,3

Тарихы Іргесі 1947 жылы ауданда орман шаруашылығын дамытуға байланысты қаланды. 1957-1997 жылдары қой өсіретін Ленин атындағы кеңшардың орталығы болды. 1997 жылдан оның негізінде Лесновкада және округке қарасты Жерұйық, Еңбекші ауылдарында ӨК және бірнеше шаруа қожалықтары құрылды.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Панфилов ауданы елді мекендері