Индира Миллатқызы Омарова(1961 жылы туған) – медицина ғылымының докторы (2005). Оқу жолы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын (1985, қазіргі Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы) бітірген. Жұмыс жолы Қарағанды қаласындағы №2-балалар ауруханасында дәрігер-педиатр (1985–1988), облысы онкология орталығында дәрігер-ординатор (1988–1992), бөлім меңгерушісі (1992 жылдан) болған; 2005 жылдан Қарағанды мемлекеттік медицина академиясында доцент қызметін қоса атқарады. Ғылыми еңбектер 2004 жылы «Применение препаратов растительного происхождения в лекарственной терапии злокачественных опухолей» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 50-ден астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 1 монографияның авторы.
"Қазақ энциклопедиясы" Дереккөздер </span>
Санат:Тұлғалар