Тектоникалық көлдер – қазаншұңқырлары тектоникалық құбылыстар нәтижесінде пайда болған ойысты көлдер. Тектоникалық көлдерге жер қыртысының төмен түсуінен қалыптасқан дүние жүзіндегі ең терең көлдер жатады. Мысалы, Шығыс Сібірдегі Байкал, Тянь-Шаньдағы Ыстықкөл, Алтайдағы Телец, Африкадағы Танганьика мен Ньяса, Қазақстандағы Зайсан, т.б. көлдер. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том Сілтемелер

Санат:Көлдер