Қалдар – Есіл алабындағы көл.
Географиялық орны Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Ясновка ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 6 км жерде, теңіз деңгейінен 164,1 м биіктікте.
Гидрографикасы Аумағы 8,4 км2, ұзындығы 3,1 км, жағалауының ұзындығы 10,6 км. Кең, жайпақ қазаншұңқырда орналасқан. Жағасы аласа келген. Түбі тегіс, саз балшықты, шөгінді қабаты 0,4 м-ге жетеді. Суы тұщы. Оңтүстік жағалауын негізінен қоға аралас қамыс басқан. Суында табан балық өседі. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Есіл ауданы (Солтүстік Қазақстан облысы) көлдері Санат:Есіл су алабы көлдері