Маңғыстау құдықтарыМаңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;, Маңғыстау облысы(Үстіртте) және Қарақалпақ Автономиялы Республикасы мен Түрікменстан шекарасына дейінгі жерлерде (Арал мен Каспий аралығында) байырғы қыстақтар мен керуен жолдардың бойына орналасқан.
Сипаттамасы Маңғыстау мен Үстірт құдықтарының дені таспен өріліп, ауыз жағы шегенделген. Әрқайсысының ара қашықтығы 40 — 45 км-ден аспайды. Әр құдықтың өз атауы бар. Маңғыстау, Үстірт құдықтары басқа өңірлердегі құдықтарға қарағанда берік әрі терең. Маңғыстау құдықтары құдық қазу, құдықшылық өнердің ғасырлар бойы сақталып келе жатқандығын айғақтайды. Олар шыңырау тереңдігімен ерекшеленеді. Мысалы, бұл жердегі терең құдықтар: ұзын шыңырауы (тереңдігі 61,9 м; суға дейінгі тереңдігі 56,4 м), Тойынаш шыңырауы (тереңдігі 52,3 м; суға дейінгі тереңдігі 50,1 м), Жүзадым шыңырауы (тереңдігі 61 м) Мұндай құдықтардың қуаң дала мен жартылай шөлейт жерлердің табиғи-климаттық жағдайында, көшпелі және жартылай көшпелі мал шарушылығында маңызы зор болды. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том
Тізімі Базыгүрлі Бекі (құдық) Бесоқты Бесөгіз Борлы
Дереккөздер