Қанатжеміс () – орамжапырақ тұқымдасына жататын бір және көп жылдық өсімдіктер туысы.

Тараулы және өсетін жері Негізінен Солтүстік жарты шардың қоңыржай белдеулері мен Оңтүстік Америкада кездесетін 60-қа жуық түрі белгілі. Қазақстанның барлық аймақтарының орманды, далалы жерлерінде, таудың тастақты беткейлерінде, шалғындықта, орман шетінде, өзен аңғарында, бұталардың арасында, альпі белдеуінде, бақша мен егістік арасында арамшөп ретінде 5 түрі өседі. Соның ішінде жиі кездесетін дала Қанатжемісі (Thlaspі arvense).

Ботаникалық сипаты thumb|left|180px| Биіктігі 20 – 85 см, сабағы тік, ұшына қарай бұтақтанып келеді. Жай жапырағы түксіз, өркенге кезектесіп орналасады. Гүлдері шашақ гүлшоғырына жиналған. Жеке гүлінде 4 тостағанша жапырақша, ақ немесе қызғылт 4 күлте, 6 аталық (2-уі қысқа, 4-уі ұзын), аналығы біріккен 2 жеміс жапырақшасынан тұрады. Сәуірден тамызға дейін гүлдеп, жеміс салады. Тұқымынан көбейеді. Жемісі – екі ұялы бұршаққынша, жемісінің екі жағында (қырында) желмен таралуға бейімделген жұқа өсінді қанатшасы болады. Өсімдік аты соған байланысты аталған. Жемісі көп тұқымды (10 мыңға дейін).

Қанатжеміс – улы өсімдік, себебі оның құрамында эфирлі-қышалы майға ыдырайтын глюкозид болады. Сондықтан бұл өсімдікті мал жесе, мал сүтінен сарымсақтың иісіндей жағымсыз иіс шығады.

Қолданысы Өсімдіктен алынған шырынды медицинада дәрі жасау үшін пайдаланады.Қазақстан Республикасының табиғаты 3 том, 2 бөлім

Дереккөздер

Санат:Орамжапырақтар Санат:Қазақстан флорасы