Қандыкөл, Қандысор – Ырғыз алабындағы көл.

Географиялық орны Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Кілемжайған (таратылған) ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 7 км жерде, теңіз деңгейінен 219 м биіктікте жатыр.

Гидрографикасы Аумағы 3,4 км2, ұзындығы 2,3 км, енді жері 1,8 км, жағалау бойының ұзындығы 7,8 км. Негізінен қар және жер асты суларымен толығады. Арнасында жыл бойы су болады. Қарашаның 2-жартысында суы қатып сәуірдің 1-онкүндігінде ериді.

Жағалау сипаты Оңтүстік жағалауы жарқабақты (1-1,5 км), қалған бөлігі жайпақ. Оңтүстік, оңтүстік-батысында қамыс өскен. Оңтүстік-шығыс жағалауында өзімен аттас қыстау орналасқан. АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Әйтеке би ауданы көлдері Санат:Ырғыз су алабы