Өтек (1998 ж. дейін — Новоалександровка)Қобда ауданының ауылдық округтері мен ауылдарының аттарын өзгерту туралы — Ақтөбе облысы Қобда ауданындағы ауыл, Өтек ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Қобда ауылынан солтүстік-батысқа қарай 42 км-дей жерде.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 916 адам (475 ер адам және 441 әйел адам) болса, 2009 жылы 517 адамды (259 ер адам және 258 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 367 адамды (192 ер адам және 175 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Тарихы Іргесі 20 ғасырдың 30-жылдары ауыл шаруашылығын ұжымдастыру кезінде шағын ұжымшардың орталығы ретінде қаланған. 1936 – 1996 жылдары “Победа” ұжымшарының орталығы болған. Ұжымшар негізінде Өтекте шаруа қожалықтары құрылды.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

Дереккөздер

Санат:Қобда ауданы елді мекендері