Майкөл — Қостанай облысы Қостанай ауданындағы ауыл, Майкөл ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы — Тобыл қаласынан солтүстік-батысқа қарай 25 км жерде, Қостанай жазығының орта тұсындағы дала белдемінде орналасқан.
Халқы 1999 жылы ауыл тұрғындарының саны 1214 адамды (595 ер адам және 619 әйел адам) құраса, 2009 жылы 1210 адам (554 ер адам және 656 әйел адам) болды.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
Тарихы Іргесі 1932 жылы “Майкөл” тәжірибелі астық кеңшарын ұйымдастыруға байланысты қаланды. 1996 жылы кеңшар негізінде 63 шаруа қожалығы, 2 ЖШС құрылды.
Дереккөздер
Санат:Қостанай ауданы елді мекендері