Алтай Әбдірахманұлы Рамазанов (21.11.1952 ж.т., Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданы Қатонқарағай кенті) – экономика ғылымының докторы (2005). Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялар институтын бітірген соң (1975, қазіргі Тараз мемлекеттік университеті) Қазақ КСР-і Мемлекеттік жоспарлау комитетіті жанындағы эконмика жоспарлау мен нормативтік ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметкер (1976–1989), ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика жоспарлау мен нормативтік ғылыми-зерттеу инситутында жетекші ғылыми қызметкер (1990–2006) болды. 2006 жылдан ҚазҰПУ-да кафедра меңгерушісі қызметін атқарады. Ғылыми еңбектер 2004 ж. «Меншік диалектикасының қатынасы» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Оның ғылыми жұмыстарының негізгі бағыты – дағдарыстық және дағдарысқа қарсы басқарушылық, тәуекелділік-менеджмент саласы және меншік пен іскерлік мәселелері. 100-ден астам ғыл. жарияланымның, оның ішінде 1 монографияның авторы."Қазақ энциклопедиясы" Дереккөздер</span>
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Алтай Әбдірахманұлы Рамазанов · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.