Сәрсенбай Әбуғалиұлы Абдулаев (1954 жылы Астрахан облысы, Қарауылды ауылында туды) – инженер-механик, экономика ғылымдарының кандидаты (2002).

Астрахан гидромелиоративтік техникумын бітірген. 1985 жылы ҚазПТИ-ді (қазіргі ҚазҰТУ) бітірген. 1977 – 1980 жылдары Маңғыстау облысы коммерциялық қаржы-шаруашылық бөлімінің меңгерушісі. 1983 – 1993 жылдары ПГМК-да инженер, бөлім меңгерушісі, құпия қызмет бөлімі басқарма бастығының орынбасары, «Қазақстан-Коммерция» ассоциациясы аймақтық ішкі экономика басқармасының директоры болды. Кейіннен жеке кәсіппен айналысты.

«Құрмет» орденімен, ҚР-ның «Құрметті спортшысы» белгісімен марапатталған (2006).Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997

Дереккөздер

Санат:1954 жылы туғандар Санат:Астрахан облысында туғандар Санат:Қазақстан инженерлері Санат:Құрмет орденінің иегерлері Санат:Қазақстан экономистері